Израиль Газа секторының солтүстігін бомбалады

Бүгін таң атпастан Израиль Газа секторының солтүстігін бомбалады. Әуе шабуылынан Бейт Лахия қаласында 30 адам қаза тапқан. Аурухана басшылығына сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, тағы ондаған палестиналық жараланды.

Бірнеше тұрғын қиранды астында жатыр. Сондықтан құрбандар қатары өсуі мүмкін. Соққы тұрғын үйлерге жасалған. Израиль билігі «террористік нысандарды бомбалаймыз» деген желеумен палестиналықтарға алдын ала ескерту берді. Израиль тарапынан 2 сарбаз ажал құшқан.