Баланы ауру қылатын мультфильмдер
Ата-аналардың назарына!
Балаңыз аутизмге әкелетін мультфильм көріп жүруі мүмкін. Ютубта миилиондаған қаралым жинап жүрген анимациялық фильмдер туралы мамандар осылай дейді. Психикалық дамуын тежеп, тілінің тез шығуына кері әсер етеді.Өзге тілдегі өнімдерді көріп жүрген бүлдіршіндердің қазашаға шорқақ болу қаупі де басым.
Камила 5 жаста. Биыл қатарластарынан қалмай мектепке барудың орнына, үш ай сайын шетелге шығады. Саяхаттамайды. Ем алады. Өйткені 1 жасынан қолынан телефон түспеген. Түскен күннің өзінде телефонды теледидар алмастырады. Қызылды-жасылды әлемге кіріп кеткендей. Айналасындағы жағдайлар, бөлмеге кіріп шыққан бөгде адамдар да оны елең еткізер емес.
Мақпал Орынбаева, Камиланың анасы:
- Телефонды көре бастады. Оған мән берген жоқпыз. Сол телефоннан проблемалар басталды. Сөйлемеуі. Бес жасында тек қана өзіне жеңіл, өзіне ыңғайлы жеңіл сөздерді айтады. Әңгіме айта алмайды. Дәрігерлер бізге ЗРР деп қойды. ЗРР деген задержка развития речи. Шетелден емделеміз үш ай сайын 600 мыңдай кетеді емге.
Мақпалдың ғана емес, бүгінде барлық дерлік ата-ананың уайымы осы. Дәрігерлер бұны дерттің жаңа түрі дейді.
Перизат Бектұрғанова, педиатр дәрігер:
- Тамақ ішіп отырып телефон қараған кезде балада ең алдымен ас қорыту жүйесі бұзылады. Соның ішінде тамақ ішіп отырып, тою сезімі, қанығу сезімі бомлайды. Соның салдарынан бала болашақта семіздікке ауруларға алып келуі мүмкін. Және витаминдердің, минералдардың сіңірілуі төмендейді балада. Одан бөлек асқазан қалыпты ферменттер бөлінбеуі салдарынан түрлі дипепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін. Яғни асқазанның шек ауруларына алып келуі мүмкін.
Ата-аналар салғырттығынан мұғалімдерге салмақ түседі. Екі сөздің басын қоса алмайтын балаға әріп үйрету қиынның қиыны.
Майра Мырзағали, логопед:
- Күнделікті цифрлы дауыстарды ести беру арқылы баланың есту арқылы қабілеті төмендеп кетеді да, артына шақырса қарамай қалуы мүмкін. Тіпті аутизмға ұласып кетуі де мүмкін. Сол үшін телефонды біз немен алмастыра аламыз? Өзімен ғана алмасытра алады. Өз уақытын бөліп, өзімен бірге ойнап, өзімен бірге далаға шықса ол телефонның орнын басады.
Оразкүл Асанғазы, мемлекет және қоғам қайраткері :
- Балаларды қазір ешкім телефоннан не болмаса смартфоннан айыра алмайды. Ол қазіргі заманның талабы, сондықтан балаларды жөндейміз десек, балалар көретін мультфильмдерді жөндеу керек. Мысалы Ресейдің үкіметі ана "Маша и медведь" дегенді Голливудта түсірді. Голливудта қалай түсіретінін, бір жыл кететінін білесің. Ал біздегі түсірілетін мультфильмдер онымен бәсекелесе алмайды.
Бірақ мұның бәрі мультфильм көрмеу керек дегенді білдірмейді. Өйткені бүгінгі буынның идеология құралы осы анимациялық фильмдер. Тек сол тұсымыз кенжелеп тұрғаны жасырын емес.
Шерхан Абзалұлы