Семейде 3D диагностика кабинеті іске қосылады
Семей медицина университетінің госпиталінде рентген-эндоваскулярлық операциялық бөлме ашылды. Бұған қоса университетте профессорлық клиника жұмыс істеп тұр. Семейліктер кез келген уақытта барып, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап ала алады. Алдағы жылы университет базасында 3D диагностика кабинеті ашылады.
Камила Барлықбаева Алматы қаласында туып өскен. 3-ші курс студенті Семей медицина университетін арнайы таңдап келгенін айтады. Болашақта тіс дәрігері болуды армандайды.
Камила Барлықбаева, Семей медицина университетінің студенті:
- Бала күнгі арманым стамотолог болу болған. Өйткені менің әкем стаматолог негізі. Бала күнімнен әкемнің жұмысын көріп келе жатып, өзім де сол мамандыққа түскім келді.
Былтырдан бері университетте стоматологиялық клиника жұмыс істейді. Онда ересектер мен балаларға тәулік бойы стоматологиялық көмек көрсетіледі. Ал, рентген-эндоваскулярлық операциялық зертхана бөлімшесінде орнатылған жаңа ангиограф жүрек қантамырлары жүйесіне күрделі операция жасауға мүмкіндік береді.
Мерхат Аққалиев, Семей медицина университеті урология кафедрасының ассистенті:
- Биылғы жыл жақсы оқиғаларға толы болды. Биыл біздің профессорлық клиникамыз ашылды. Ол жерде дәрігерлер науқастарды қабылдайды. Студенттердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді.
Заман талабына сай технологияны пайдалану дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Биыл медицииналық талаптарға сай 4 ультрадыбысты қондырғы сатып алынды. Келесі жылы компьютерлік томография және 3D диагностика кабинеті іске қосылады. Бұдан бөлек, ортодонтия кабинетін ашу жоспарланып отыр.
Алтай Дюсупов, Семей медицина университетінің ректоры:
- Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі және шетелдік академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру. Сонымен қатар университеттің инфрақұрылымын жақсарту, оқу процестеріне қолайлы жағдай жасау маңызды аспектілер.
Семей медицина университеті – білікті дәрігерлерді даярлайтын бірегей оқу ордасы. Қазір мұнда 6 мыңнан астам студент білім алады. Оның мыңнан астамы шетелдік жастар.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы,Берік Жобалайұлы.