Астанада жедел жәрдем қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті

Бүгін Астанада жедел жәрдем қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. 

Қысылған кезде қайсарлық пен батылдық танытатын фельдшерлер елімізде аз емес. Дегенмен, биыл ерен еңбегімен көзге түскен екеуіне сала басшысы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін тақты.  Адам жанына араша түсемін деп қажырлық танытқан төрт фельдшерге Құрмет грамоталары табысталды. Жалпы ел аумағында 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше жедел медициналық жәрдем қызметін көрсетіп келеді. Әсіресе апат жағдайында шұғыл әрекет ететін фельдшерлердің еңбегі ерен. Мәселен, көктемгі су тасқыны кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысы қауырт болды.

Ермек Айменов, Ақтөбе облысының жедел жәрдем фельдшері:

- Бір апта мен сол ауылда болдым. Жаңағы аралда. Айналаның бәрі су. Сол уақытта свет жоқ. Жаңағы сеть жоқ, байланыс қызметі. Сол халықпен бірге қолдан келген көмегімізді аямадық.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Биылғы жылы 19 сәуір күні осы біздің медицина қызметкерлерінің сақтандыру мәселесіне байланысты үлкен заң қабылданды. Қосымша әлеуметтік қолдау мәселелері де күшейтілді. Осыған байланысты осы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін қосымша шараларды қабылдауға жұмыс жасап жатырмыз.