Дәрі-дәрмек бағасын белгілеудің жаңа механизмі іске қосылады
Елімізде дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі іске қосылады. Жаңашылдық препараттар құнын арзандатуға мүмкіндік бермек. Жаңа механизм жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Мамандар ақпарынша, түпнұсқамен сапасы бірдей балама дәрілердің бағасы 30%-ке дейін төмендейді. Бастама бәсекелестікті ынталандыру мен тараптар мүддесін тең жағдайда қорғауға бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігі бағаға қатысты механизмді Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе пысықтап жатыр. Тиісінше жүйенің ашықтығын арттыру үшін жоспарлы іске мемлекеттік ақпараттық порталдар да жұмылдырылады. Аталған шара дәріханалардың кедендік декларациялары мен кассалық чектерінің деректеріне мониторинг жасауға мүмкіндік бермек.
Жандос Әділхан, ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры:
- Қазіргі таңда жобамен 10 және 25% аралығында дәрі-дәрмектің бағасы түсуі болжанып отыр. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету негізі бүгінгі таңда өз шешімін тапты. Бізде жыл сайынғы сатып алуғы мәселесі биылдыққа ерте жүргізілгеніне байланысты ағымдағы жылы 5 қаңтардан бастап барлық емдеу мекемелерінде дәрімен қамту жүргізілді.