Екі облыста жол жабылды
Еліміздің 2 облысында қарлы бұрқасын болады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық», Көктұма- Достық станцияларында және Қарағанды облысындағы «Екатеринбург – Алматы, Солтүстік – Шығыс айналма жолы», Пришахтинск – Новостройка айналма жолдарында көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтады.
Қазірде аталған тас жолдарды күтіп ұстауға 345 бірлік техника мен 584 адам жұмылдырылды.