Су тасқынына дайындық. LIVE
Бүгін Үкімет отырысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Күн тәртібінде сондай-ақ су тасқыны бойынша ахуал сөз болды.
Елдегі су тасқыны бойынша ахуал біршама тұрақталды. Бірақ әлі де босаңсуға болмайды. Өйткені солтүстік өңірлер мен таулы аймақтарда қауіп толық сейіле қоймады.
Сонымен қатар, Қазгидромет болжамына сәйкес, наурыз және сәуір айларында еліміздің оңтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде мол жауын-шашын болуы мүмкін.