Елімізге Чехиядан керқұландар әкелінеді
Қазақстан Чехиядан жабайы жылқылар әкеледі.
Керқұландар Қостанай облысының Алтын дала табиғи резерватына жіберіледі. Шетелдік мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, осы аймақ жабайы жылқылар популясын көбейтуге ең қолайлы жер деп белгілеген. Табиғи резерват аумағы 490 мың гектар. Керқұландар Прага мен Берлинның жануарлар бағынан арнайы бортпен әкелінеді. Жойылып кету қаупі бар жануарларды жерсіндіру үшін табиғи парктің материалдық техникалық базасы күшейтілді. Аумағы 150 гектар арнайы қоршау орнатылды. Пржевальский жылқыларының алғашқы тобы маусымда елге жеткізіледі. Жылқыларды Қазақстанға әкелу шығындарын Прага зоопаркі жабады.
Мирослав Бобэк, Прага қаласының зоологиялық бағының директоры:
- Біз Пржевальский жылқыларын CASA транспорттық ұшақтарымен тасымалдаймыз. Ол үшін екі әуе кемесі жұмылдыралды. Олар биыл 3 маусымда шығады. Біреуі Прагадан, екіншісі Берлиннен жөнелтілмек. Осы ұшақтармен біз 8 жабайы жылқыны Қазақстанға әкелеміз. Әуе кемелері Арқалық әуежайына қонады. Одан кейін пржевалский жылқылары Қостанай облысының "Алтын дала" табиғи резерватына жеткізіледі. Бірінші жылы олар жерсіндіріледі. Кейін табиғи ортаға жіберіледі.