Су тасқыны: Екі ауданда төтенше жағдай жарияланды
Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында Төтенше жағдай енгізілді.
Қарғын су жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды. Қазірде су басқан елді мекендерден 434 адам құтқарылды.
Су алған учаскелерде барлығы 676 адам жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар 215 техника, 77 мотопомпа, 8 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.
Сондай-ақ Қазавиақұтқару, Қарағанды 528 59 әскери бөлімі, облыстық Шекара қызметі, Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар қызметі көмекке келді.
Аймақ бойынша әлі де су сору жұмыстары жалғасып жатыр. 1150 қап, тәулігіне 750 қап бөгеттер төселіп, 2,5 тонна инертті материалдар құйылды.