Су тасқыны. Асыл тұқымды 110 бұзау құтқарылды
Қостанай облысының Аманкелді ауылынан 56 адам эвакуацияланды.
Қызылорда облысынан барған құтқарушылар азаматтарды моторлы қайықпен алып шықты. Оның ішінде ауыл маңындағы фазендадан 2 бала көшірілді.
Сондай-ақ, шаруа қожалықтарынан 110 бас асыл тұқымды бұзау қауіпіз жерге айдалды.
Су тасқыны салдарымен күрес жалғасып жатыр.