Су тасқыны. 9 облыста қарбалас. LIVE
Соңғы бір тәулікте топан су басқан аймақтардан 1345 адам көшірілді.
Қауіпсіз жерге жеткізілгендердің 496-ы кәмелет жасына жетпеген балалар. Қазір Абай, Ақмола, Ақтөбе мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Ұлытау облыстарында тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр.
Өткен тәулікте атқарылған жұмыстар туралы Төтенше жағдайлар министрілігі өкілдерінен білген едік.
Өткен тәулікте су тағы 55 үйді басқан. Төтенше жағдайлар министрлігінің есебі бойынша жалпы саны 1376-ға жетіп отыр. тасқын 18 автожолды шайып, 67 елді-мекенмен автокөлік қатынасы үзіліп отыр. Құтқару және топан судың алдын алуға 12 мыңнан астам адам жұмылдырылған. 2,5 мың техника бар. 9 әуе көлігі тұрғындарды эвакуациялап, гуманитарлық жүк жеткізіп жүр. Мәселен кеше Ақтөбе облысының Ойыл ауданына 6 тоннадан астам жүк жеткізілді. Қауіпті аймақтан 85 адам құтқарылды. Соңғы ақпаратты ТЖМ өкілінен анықтаған болатынбыз.
Әрлен Бүркітбай, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы:
- Топан судан зардап шеккен аймақтармен су және әуе көлігімен байланыс орнатылған. Қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Ал адам өміріне қатер төніп тұрған елді мекендерде тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.
Мансұр Есқожин, 24.KZ