Күн ысиды
Алдағы үш күн бойы еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы 20 градусқа дейін жоғарылайды.
Синоптиктердің мәліметінше, әсіресе Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталығында күн жылы болады.
Ал өзге өңірлерде құбылмалы ауа райы сақталып, жел екпіні күшейеді.
Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аумақтарда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.