Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысында және оңтүстігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды.
Түркістан облысында дауыл тұрады.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең тұман.
Оңтүстік-батыстан жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус салқын, күндіз 13-15 градус жылы.
Алтынзер Есбосынова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- Еліміздің оңтүстік шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын соңы қарға ұласуы мүмкін. 6 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жауын, найзағай, бұршақ және қатты жел соғады деп болжанады. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұман түседі.