Жетісу облысында «Таза Қазақстан» аясында 20 мыңнан астам көшет егілді
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20 мыңнан астам көшет егілді.
Нәтижесінде аудан, қалаларда шағын саябақ пайда болып, көшелер көгалдандырылды. Игі шараға медицина қызметкерлері де атсалысып жатыр. "Жасыл ағаш" апталығы аясында перзентхана мен фтизиопульмонология орталығының ұжымы 200 түп қылқанжапырақты ағаш отырғызды. Шаруашылыққа жауапты жұмысшылар енді жасыл желекті тұрақты түрде суғарып, оның қурап кетпеуін қадағалайтын болады. Дәрігерлер мен мейірбикелер де өз қолымен еккен қарағай мен шыршаны күтіп баптауға бел буды.
Аида Заханова, фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері:
- Ең бірінші біздің денсаулыққа әсер ететін таза ауа. Сондықтан жалғыз ем науқасқа ем болмайды. Егер қоршаған ауламыз таза болмаса. Сондықтан бұл өте маңызды экологиямыздың таза болуы. Сол науқасымызға бұл да оң нәтиже береді.