Жезқазғанда «Наурыз» саябағына теректің 100 көшеті егілді
Жезқазғанда да еріктілер мен жас спортшылар «Наурыз» саябағына теректің 100 көшетін екті.
Мамандардың айтуынша, ағаштың бұл түрі өңір топырағында тез жетіледі. Жасыл желекті күтіп баптаумен жаңадан құрылған арнайы мекеме айналысады. Көгалдандыру жұмыстары аптаның соңына дейін жалғасады. Қаладағы өзге де саябақтар мен көпшілік демалыс орындарына 10 мыңға жуық көшет егу жоспарда. Облыс аумағында қазір «Жасыл аймақ» тазалық акциясы өтіп жатыр.
Дарын Төлеубай, ерікті:
- Акцияға мектеп оқушылары да қатысты. Жалпы акциямыздың мақсаты - оқушыларды жастайынан осылай еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген жанашырлық танытуды үйрету және қаламыздың көркеюіне өзінің септігін тигізу.