Шығыста екі өзен арнасынан асты

23 техника мен 70-ке жуық маман жұмылдырылды.

Аудан орталығынан бес шақырым жердегі ауылда 1400 үй бар. Тұрғындар эвакуациялық пунктке барудан бас тартты. Оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Қазір таулы аудандарға әуеден барлау жүргізілуде. Себебі еріген қар суына жаңбыр қосылып, қауіп күшейді. Қатонқарағай ауданындағы Коробиха өзені де ернеуінен асты. Бірақ жақын маңдағы ауылдарға су жеткен жоқ.

Елжан Қайырқанов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Коробиха өзеніне су деңгейі көтерілді,.Көтерілген уақытта таулы жер ғой, көтерілген су көшемен ағып өткен, аулаға да үйлерге де қауіп төнбеді. Қазіргі уақытта су деңгейі түскен. Екі күн бойы бізде екі үш күн бойы қатты жауын жауды, сол жауынның кесірінен су деңгейі көтеріліп отыр.