10 мыңнан астам тұрғын Орал көшелерін тазалады

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы кеңінен қолдау тауып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

10 мыңнан астам тұрғын қала көшелерін тазалап, тал-теректердің түбін әктеді, жас көшеттерге тыңайтқыш берді. Экологиялық акция аясында облыс орталығында 1 мың дана жас көшет егілген болатын. Енді белсенділер көпқабатты үйлердің аулаларын ретке келтірмек. Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша облыс орталығында 300-ден астам аула жөндеуді қажет етеді. 

Азамат Халелов, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

- Жалпы 30 ауланы абаттандыру жұмысы басталды. Акцияға бизнес нысандарының иелері де атсалысып жатыр. Жыл басынан бері 5 сквер ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаяу жүргіншілер жолын ауыстыру, субұрқақтар орнату секілді жұмыстар атқарылды.