Экологиялық эстафетаға Жамбыл облысының жастары қосылды

Астана мен Қарағандыдан бастау алған экологиялық шараға Жамбыл облысының жастары қосылды.

Олар аймақтардағы тас жолдарды қоқыс пен артық заттардан тазартуды қолға алды. Бұған дейін белсенділер Осакаров, Ақсу-Аюлы, Ақшатау елді мекендері және Балқаш, Приозерск қалаларының жолдарынан 70 тоннадан астам қоқыс жинаған. Айта кетейк, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқан аясындағы экологиялық эстафета Қонаев қаласында түйінделеді деп жоспарланып отыр.