Қарағанды облысында компанияға 313 млн теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысында «Алтай Полиметаллы» компаниясына 313 миллион теңге айыппұл салынды.

Қарқаралы ауданы тұрғындарының шағымына қатысты сот осындай шешім шығарды. Кәсіпорын сарқынды суларды ашық жерге ағызып, экологиялық заңнаманы бұзған. Сонымен қатар мекеме ағынды суларды биологиялық тазартатын кешеннің жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Дархан Есжанов, облыстық экология департаментінің басшысы:

- Қарқаралы ауданы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Қарағанды облыстық экология департаменті «Алтай-Полиметалл» компаниясына тексеру жүргізіп, рұқсатсыз кәріз суларын жерге төгу анықталды. Осы компанияға 300 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар сотқа ісін тоқтату туралы шағым түсірілді.