Жаңақорған ауданының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты, деп хабарлайды 24kz.

Сауда орындарының айналасы мен орталық стадионның аумағы қоқыстан тазартылды. «Таза Қазақстан» акциясына жастардан бастап ардагерлерге дейін қатысты. Мекеме ұжымдары, сауда орталықтарының қызметкерлері де атсалысты. Көлдің жағалауын тазартып қана қоймай, бетінде қалқыған қоқысты да қайықпен жинап шықты. Жаяу жүргіншілер жолы тазартылып, көше шамдары ауыстырылды. Саябақтар мен гүлзарлардағы орындықтарды сырлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі шара кезінде 5 тонна қоқыс шығарылды.

Мақсат Құлмырзаев, аудандық жастар русурстық орталығы директорының аға кеңесшісі:

- Бізде жастар жағы белсенді, өте қатты. Бізде еріктілер ұйымдары бар көп деген игі бастамаларды бастап жүрген, тазалық шараларын өткізіп, осылай үнемі жүргізіп келеміз. Әлбетте, тазарып келе жатыр. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай, үлкен нәтижесін, жемісін беруде.

Изатулла Нәрзілдаев, кент тұрғыны:

- Ордакенттің айналасы, Шашкөл, Әлімкөлдердің төңірегіне барып, жастарды ұйымдастырып, тазалығын өткіздік. Осының бәрі біздің тұрғындарға, халыққа септігін тигізіп жатқаны бар.