Елімізде экологиялық мәдениеттің насихаты күшейеді
Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын мақұлдап, бекітті, деп хабарлайды 24kz.
Құжат үш бағыт бойынша жүзеге асады. Оның ішіне экологиялық мінез-құлық, білім, ағартушылық кіреді. Қоршаған ортаны ластамау мәдениеті балабақшадан басталып, бүлдіршіндерге арналған байқаулар ұйымдастырылады. Оған қоса, құжатта қалалар мен ірі елді мекендерде жасыл желектерді көбейту мәселесі де қарастырылған.
Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:
- Тұжырымдаманы іске асыру шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізіледі. Қажет болған жағдайда оларды түзетуге мүмкіндік беретін тиісті индикаторлар айқындалды. Желтоқсан айында әр өңірдің әкімдігі өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып аймақтық жоспар бекітеді. Тұрмыстық қалдықтарды шығарып, өңдеуге арналған инфрақұрылым жасақталады.