Таразда тұрғын үйлердің ауласы тазартылды
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.
Бүгін экологиялық шараға 100-ге жуық жас жиналды. Олар «Самал» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің маңын тұрмыстық қалдықтан тазартты. Күздігүні тал-дарақтан жапырақ жиі түсетіндіктен, аулалар шіріген шөптен аяқ алып жүре алмайтын жағдайға жеткен. Ал арық-атыздар пластик пен шыны ыдыстарға толып, кей тұстарын қоқыс жауып қалған. Жұмыла жұмыс істеген жастарға қала тазалығына жауапты коммуналдық мекеме жұмысшылары да көмекке келді. Олар көпқабатты үйлер маңынан 1,5 тонна қоқыс шығарды. Жалпы акция басталғалы аймақта 134 мыңға жуық аула тазартылды.+++SNH
Айбек Қадыралиев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
- Экологиялық мәдениет күл, қоқысты жинаудан емес, оны тастамаудан басталады. Жалпы тазалық өзімізден басталады. Осы дүниені жалпы халыққа, оның ішінде жастар санасына сіңдіру біздің бүгінгі таңдағы міндеттеріміздің бірі деп ойлаймыз.