Түркістан облысындағы Мырзакентте екі мың ағаш отырғызылды
Түркістан облысының Мырзакент кентінде екі мың түп көшет отырғызылды.
Мақтаарал ауданында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 3 мыңға жуық адам қатысты. Сенбілікке шыққан белсенді тұрғындар саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазалап, стадиондар мен спорт алаңдары маңын абаттандырды. Көпірлер ретке келтіріліп, арық-атыздардың арнасы тазартылды. Шараға аудан басшылығымен қатар полицейлер, әскерилер мен экобелсенділер атсалысты.
Айдын Индекиев, ҚР ҰҚК Мақтаарал ауданы бойынша шекара қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
- Мұндай іс-шаралар өздеріңіз көріп отырсыздар бүгін бірінші рет емес. Әр апта сайын жүргізіліп тұрады. Шекара басқармасының жеке құрамдары қатысады. Және өзіміздің қолымыздан келгенше техникаларымызды шығарып жұмыстар атқарамыз. Өзімізге бекіткен көше аймақтарды тазалау жұмыстарды жүргізіп тұрамыз.