Елордада БҰҰ Климаттық саммитінің қорытындысы талқыланды
Елімізде топырақтың құнарлылығын қалпына келтіретін тың әдіс қолданыла бастайды, деп хабарлайды 24kz.
Бастама аграрлық сектор үшін қолайлы болмақ. Осы және өзге де ұсыныстарды Қазақстан тарапы таяуда Бакуде өткен БҰҰ-ның Климат жөніндегі конференциясында таныстырды. Саммитке 200-ге жуық елдің өкілі қатысып, жаһандық климаттық өзгерістермен күресудің ұжымдық шешімдерін іздестірген. СОР29 шарасының қорытындысы бүгін елордада өткен жиында талқыланды. Себебі, жаһандық сынақпен күресу үшін күш біріктіру маңызды.
Шаттық Тастемірова, ҚР ЭТРМ Климаттық саясат департаменті басқармасының басшысы:
- Негізі, әр СОР әртүрлі тақырыптарға арналады. Мысалға Бакуде өткен СОР29 – ол жаңа климаттық қаржыландыру бойынша мақсатты қалыптастыру. Ол дегеніміз, дамыған елдер дамып жатқан елдерге біз айтып жатқан климаттық мақсаттарды 2060 жылға дейін мысалға көміртегі бейтараптылығына жеткізу үшін бізге қолдау көрсетуге қандай қаржы бөлінетіні туралы. 24 қарашада шешім қабылданған болатын, ол шешімге сәйкес, 2035 жылға дейін дамыған елдер дамушы елдерге 300 млрд жыл сайын қаржы мобилизациялауға жұмыс жасап талпынатын болады.