Қазақстан БҰҰ-ның пластикпен ластану мәселесі жөніндегі отырысына қатысып жатыр
Қазақстан делегациясы Оңтүстік Кореяда Біріккен ұлттар ұйымының пластикпен ластануға қатысты үкіметаралық келіссөздер комитетінің бесінші сессиясына қатысып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Жиынға БҰҰ-ның 170 мүше мемлекетінен 4 мыңнан астам адам барған. Еліміздің атынан келіссөздерге Экология және табиғи ресурстар мен Энергетика министрлігінің, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысып жатыр. Басқосудың мақсаты – мемлекеттерді пластикпен ластануға қарсы шаралар қабылдауға міндеттейтін құжат әзірлеу. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, қазір Пусан қаласында құжатты қараудың соңғы кезеңі өтіп жатыр. Оған келесі жылы қол қою жоспарланған. Ал соңғы деректерге сүйенсек, әлемде пластик өндірісі кейінгі 20 жылда екі есеге артып, 460 млн тоннаға жеткен
Руслан Төкенов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің директоры:
- Қалдықтарды жалпы реттеу, оны сұрыптау, қалдықтардың утилизацияға дейін процестерін бәрін реттеу бағытында енді халықаралық заңды бар күші келісімшарт қабылданғаннан кейін біз өзіміздің ұлттық мүддемізде ескере отырып арқарай осы бағытта жұмыстарды атқаратын боламыз.