Спортшылар мен әншілер Алматының тазалығына үлес қосты

Олимпиада жүлдегерлері мен эстрада жұлдыздары Алматы қаласының тазалығына үлес қосты.

Игі  шара Таза Қазақстан экоакциясы аясында ұйымдастырылды. Белсенді жастар Бостандық ауданын ретке келтірді.

Алматыда жыл басынан бері 200 ден аса экоакция өткізілді. Соның біреуі қараша айының соңғы күні ұйымдастырылды. 250-ге жуық адам Шагабутдинов-Сәтбаев қиылысындағы учаскені қоқыстан тазалады. Арасында олимпиада жүлдегерлері мен эстрада жұлдыздары бар.

Ислам Байрамуков, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Адамзат қанша өмір сүрсе, үйдегі тазалықты сақтау және қоршаған ортаға, сіз тұратын қалаға ұқыпты қарау мәселесі өзекті болып қала береді. Қалалық кеңістікті бірлескен күш - жігермен жинау – өте маңызды және қажетті акция, өйткені Алматы әрқашан өзінің тазалығымен және жасылымен танымал болған. Менің ойымша, бұл дәстүр үзілмеуі керек, сонымен қатар оны жастардың, қала тұрғындарының қатысуымен қолдау керек. Ең бастысы, адамның ішкі әлемі таза болған кезде, ол қоқыс болмайды. Әркім өз іс-әрекеті үшін жауапты болуы керек.  

Өктем Алтаев, әнші:

- Әр демалыс сайын біз бұл аумақты тазалайтынбыз, бірақ мұнда қоқыс аз болмайды. Мен осы учаскенің жергілікті тұрғындарын қоқыс тастамауға және тазалықты сақтауға шақырғым келеді, өйткені бұл біздің ортақ үйіміз. Жалпы, алматылықтар, сіздерді акцияға қосылуға шақырамын.

Тазалық акциясына үш арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде аумақтан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Ал «Таза Қазақстан» бастамасы басталғалы бері қалада жалпы көлемі 1300 тоннадан асатын қалдық жиналған. 

Санжар Алин, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі:

«Бізде тазалау жұмыстарын бақылау үшін 670 аула бар, біз МИБ және ПИК төрағаларымен тұрақты байланыстамыз. Егер мердігерлік ұйымдар өз міндеттемелерін орындамаса, біз мессенджерлер арқылы сигнал аламыз және жедел әрекет етуге тырысамыз. Бұзушылықтар болған жағдайда алдымен учаске бастығына айыппұл санкцияларын қолданамыз. Егер жағдай қайталанса, онда біз ұйымның өзіне айыппұл саламыз – онда сома әлдеқайда көп. Егер Мердігер жағдайды түзетпесе, онда біз сот арқылы шартты бұзамыз. Бүгінде бізде бір мердігер бар, оған біз сотқа дейінгі талаптары бар хат жібердік. Егер ол жауап бермесе, сотқа жүгінеміз және қарым-қатынасты үземіз.

Бүгінде Бостандық ауданында аулаларды санитарлық тазалаумен айналысатын 5 мердігер ұйым жұмыс істейді. «Алматы Тазалық» коммуналдық мекеме қызметкерлері жол инфрақұрылымын ретке келтіріп жатыр.