Алматыда пластик қалдық қабылдауға арналған жаңа фандоматтар орнатылады
Алматыда күн сайын арықтардан 60 тоннаға дейін қалдық шығарылады.
Олардың үштен бірі қайта өңделетін пластик бөтелкелер мен алюминий құтылар. Қазір қоқыс өңдеу мәселесін шешу үшін қалада фандоматтар, яғни қайта өңделетін материалдарды қабылдайтын құрылғылар орнатылып жатыр. Мұндай алғашқы құрылғы биыл мамыр «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қойылды. Қазір мегаполисте адам көп жиналатын жерлерде бөтелкелер мен консервілерді қабылдайтын 53 жинау машинасы бар. Кейбіреулері қаржы ұйымдарының қолдауымен орнатылған. Нәтижесінде жыл басынан бері 5 мыңнан астам бос ыдыс жиналды. Оны өткізгені тұрғындар ақшалай сыйақы алады. Қала әкімдігі келер жылы тағы 57 фандомат орнатуды жоспарлап отыр.
Әлішер Әбдіқадіров, қала әкімінің орынбасары:
«Фандоматтар ең заманауи бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Жасанды интелектінің арқасында пластикалық немесе алюминий бөтелкелерді ұзындығы мен салмағына қарай сұрыптайды».