Президент: «Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асуына ең алдымен әкімдер жауапты

««Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асуына, ең алдымен, әкімдер жауапты. Мен аймақтарға барғанда қалалардың қалай абаттандырылғанына үнемі назар аударамын».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін», - деді. Себебі Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтар мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді. Осы ретте «Таза Қазақстан» идеясы ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналуға тиіс. Ел бойынша осы экологиялық акцияға 3,8 млн-ға жуық адам қатысып, 1,5 млн тоннадан астам қоқыс жиналды. Қалалар мен елді мекендерде 3,2 млн-нан астам көшет егілді.