Атырау облысының Сарыөзек каналынан 6 миллионнан астам шабақ құтқарылды

Атырау облысындағы «Сарыөзек» каналынан 6 миллионнан астам шабақ құтқарылды. 

25 желтоқсан күні жергілікті табиғат жанашылары дабыл қағып, ұсақ балықтардың қырылып қалуы мүмкін екенін айтқан еді. «Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен әскери бөлім сарбаздары және табиғатты пайдаланушы мекемелердің өкілдері құтқару шарасына шықты. 100 ден астам адам және 20 техника тартылып, 6 млн 300 мыңнан астам шабақ Жайық өзеніне жіберлді.  Қазір жағдай қалыпты. Ұзындығы 60 шақырымға жуық «Сарыөзек» каналаның бойы толық тазартылды. Сондай-ақ Атырау облысындағы 20 су каналы  бақылауға алынды.

Алмас Жұмашев, "Жайық Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

- Маусым айынан бері Сарыөзек арнасынан 7 млн 100 мың дана балық шабағы құтқарылған болатын. Атап айтсақ, оның ішінде: қара балық шабақтары, басым көпшілігі мөңке балығының шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді. Қазіргі уақытта Сарыөзек және Соколок арналарында инспекциялық бақылау,  қадалағау жұмыстары жүргізілуда. Балық өлімі тіркелген жоқ.