Қапшағай су қоймасы қоқыстан тазартылды
Тазалық шарасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті, деп хабарлайды 24KZ. Мұздың қалыңдығы қазір 25-30 сантиметр. Жан-жақтан әуесқой балықшылар ағылып келіп жатыр. Қауіпсіздік ережесінен бөлек, көбі тазалықты да сақтамайды. «Жасыл қала Қонаев» мемлекеттік мекемесінің мамандары жағалауға бірнеше қоқыс контейнерін қоюды жоспарлап отыр. Демалыс күндері Қапшағай су қоймасына 2 мыңға жуық әуесқой балықшы келеді.
Төтенше жағдайлар мен жергілікті полиция қызметі заңды бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарта бастады. Жыл басынан бері 30 шақты тұрғынға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Асхат Бердіханов, қала әкімі:
- Біріншіден, ТЖД профилактика жұмыстарын өткізеді. Екіншіден, біздің өзіміздің мемлекеттік мекеме «Жасыл қала Қонаев» жинастыруын көрсетеді, қалай жинау керек. 3-4 контейнер қоятын болдық. Апта сайын осындай жұмыс балықшыларға өткізіледі. Негізі қала бойынша күн сайын 20 тоннадан астам қоқыс шығарылады.