Жезқазғандағы тігін фабрикасының ұжымы тазалық акциясына қатысты

Жезқазғандағы тігін фабрикасының жұмысшылары қалаға кіреберіс жол бойында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды 24kz.

2 шақырымға жуық аумақты қоқыстан тазартып, жол жиектерінде тапталып қалған қар-мұзды ойды. Бұл – жаңа жылдағы алғашқы бейсенбілік. Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы осыған дейін қалыптасқан дәстүрмен алдағы уақытта да жалғаса береді. Әр апта сайын шағын еңбек ұжымдары өздері жұмыс істейтін мекеме, кәсіпорын айналасын тазалайды. Ал, қаланың орталық көшелері мен демалыс орындарының тазалығына  ірі кәсіпорын жұмысшылары үлес қосады.

Ғабит Қожаниязов, тігін фабрикасы шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бүгін шыққан он шақты адам. Осы мекеменің жан-жағын тазалап, сыртының қарын күреп, мұзын ойып, сырт жақтың бәрін тазалап, осындай сенбілік әр жеті сайын өткізіп тұрамыз.