Оралдық волонтерлер «Таза Қазақстан» экоакциясына қызу атсалысып жатыр

Орал қаласының волонтерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қызу атсалысып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Студенттер жеке секторда тұратын зейнеткерлер мен ардагерлердің және мүгедектігі бар азаматтардың үйіне барып, қар күреуге көмектесті. Аталған іс-шараға 70 шақты ерікті жұмылдырылды. Олар бүгін 10 шақты үйдің ауласын қардан аршыды. Жастар жұмыла кіріскен соң жұмыс демде аяқталды. Егде жастағы қала тұрғындары қар күреуге әлі келмегендіктен, осылай жастар ұйымдарына хабарласып, көмек сұрайды. Қала жастары қай кезде де оларға қол ұшын беруге әзір.

Архат Исламғали, «Жастар рухы» жастар қанаты бқоф төрағасы:

- Енді бұл алғашқы біздің жұмыс емес. Қыс айы басталғалы бері бірнеше ардагердің үйіне барып, осындай көлемде үлкен жұмыстар жасадық және де бұл жұмыстарымыз алдағы уақытта да өзінің жалғасын табатын болады.