Таразда «Таза Қазақстан» аясында атқарылатын жұмыстар пысықталды

Тараздық белсенділер мен экологтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

Тазалық шарасы көктемде қайта жалғасады. Арнайы жоспар жасалып,  учаскелер бекітілді. Сондай-ақ,  «Таза өлке» іс-шарасы кезінде каналдар мен арық жүйелері қоқыстан тазартылады. Экологиялық акцияға бұл жолы «Жасыл ел» жасағы да жұмылдырылады. Былтыр акцияға тараздық 5 мың жас қатысып, қаладағы саябақтар мен аулаларды қоқыстан арылтты.

Абзал Есіркепов, жастар ресурстық орталығының директоры:

- Жастарымыздың ынтасы өте жақсы дегіміз келеді. Өйткені эковолонтерларымыздың дәл қазіргі уақытта еуропа елдерінде олардың алатын орны ерекше. Дәл қазіргі уақытта біздегі осы жұмыс істеп жатқан жастарымызға түсіндірме жұмыстарын жүргізген кезде де олардың саны күннен күнге артып келе жатыр. Бүгінгі таңда жалпы осы екі айдың ішінде жүзге жуық волонтерларымыз тіркелді.