Қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуы мұнай бағасына байланысты болмақ

Мұнай бағасының өсуі жалғасса, қазақстандық ұлттық компаниялардың IPO саудасына шығу процесі қарқын алуы мүмкін.

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі хабарлады. Бұл бірінші кезекте «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты мекемелерді қамтиды. Қордағылардың айтуынша, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» және «Қазатомпром» сияқты компаниялардың акциялар пакетін жекешелендіру 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Бірақ бұған қарамастан биыл кейбір жеке компаниялар Астана Халықаралық қаржы орталығының алаңына шығуын жалғастыруы ықтимал.

Қайрат Келімбетов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы:

- Менің ойымша, қара алтын бағасы жоғарылай берген сайын IPO-ға шығу процесі тек жеделдей түседі. Мәселен, ол үшін мұнайдың орташа құны баррелі үшін 65 долларды құрауы керек. Биылғы болжамымыз осындай.