Нарықта комедия жанры басым

Киноға билет бір жылда 33 процентке қымбаттады.

Бірақ бұл көрермендерге кедергі емес. Керісінше қазақстандықтар кинотеатрларға жиі баратын болған.

2023 жылы 70-тен астам кинотуынды жарыққа шықты. Олардың 60-тан астамы комедия жанрында. "Отбасы ошақ қасы" деңгейінен әлі де көтеріле алмай отырмыз", - дейді киносыншы Дана Әмірбекова. Айтуынша,  кинотеатрларда әуесқой режиссерлердің туындыларын көрсету әлдеқайда тиімді. Ал заң оларды басқа жанрлардағы картиналарды көрсетуге міндеттемейді. Екіншіден, көрермен талғамы өзгерген. Сыншы халықаралық кинофестивальдерде жеңіске жеткен және мемелкеттің қаржысына түсірілген картиналарды үлкен экранда көрсетуге міндеттеу керек деп есептейді.

Дана Әмірбекова, киносыншы:

- Ұлттық киноны қолдау орталығы осыдан 5 жыл бұрын құрылған болатын. Одан бері 100-ден астам кинотуынды жарыққа шықты. Сол ұлттық киноны қолдау орталығында шыққан фильмдердің арасында жанрлық түрлену байқалады әрине. Алайда, өкінішке қарай, бүгінді таңда баршаңызға белгілі кино туралы заң жоқ. Ал заң болмағандықтан, біз мемлекеттің қаржысына түсірілген туындыларды кәсіппен айналысатын жекеменшік кинотеатр басшыларымен келісе алмай отырмыз. Олар біздің мемелкеттің қолдауымен түсірілген фильмдерді көрсетуге ниеттері де, зауқы жда жоқ. оларға әуесқой режиссерлардың түсірген комедияларын көрсету әлдеқайда тиімді. Өйткені халық сондай жеңіл желпі, көңіл көтеретін, терең ойға батырмайтын туындыларды көруге бүгінгі таңда әуес.

Мысалы Оңтүстік Кореяда кинотеатрларға отандық туындыларды жоқ дегенде жылдың 70 күнінде көрсету заңмен міндеттелген. Дана Әмірбекова осылай дейді. Қазақстанда да осындай талап қойылса,  бюджет есебінен түсірілген туындылардың қайтарымы болар еді.

Дана Әмірбекова, киносыншы:

- Біздің де кинотеатрларды меніңше заң жүзінде міндеттеу керек. Олай болмаса, мысалы біздің ақшамыз, мемлекеттің ақшасы жай ғана аспанға ұшып жатыр. 2022 жылы қазақ киносын дамытуға мемлекеттен 5 миллиард қаржы бөлінсе, 2023 жылы 2 миллиардтан сәл астам қаржы бөлінді. Ал соның өтімі қайда?  Неге ол ақша қайтып келмейді қазір? Өйткені біз оны түсіреміз, түсіреміз. Бірақ прокатқа шщығармаймыз. Оларды көрсетудің жалғыз жолы кинотетарларды заң жүзінде міндеттеу.

Киноның билет бағасына тоқталайық. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде 99 елдің ішінде 31-ші орында. Ал ТМД елдерінің арасында Армениядан кейінгі екінші орында тұр. Әлемдегі ең арзан билет Иран, Сирия және Шри-Ланкада, ең жоғары баға Швейцария, Дания, Сауд Арабиясында тіркелген. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда бір жылда билет 14%-ке қымбаттаған. Өткен жылы кино билеттері орта есеппен 2 033 теңге болды. Бір жылда баға Шығыс Қазақстанда 43%, Қызылордада 29% және Абай облысында 25%-ке өскен. Солтүстік Қазақстан облысында баға небәрі 3,3%-ке қымбаттаған. Ірі қалалардың ішінде ең қымбат кино билеттері Түркістанда - 2 700 теңге. Ал ең арзаны Қарағандыда - 1 400 теңге. 

Кино билеттері қымбаттаған өңірлер 2023 ж.

Шығыс Қазақстан облысы 43%

Қызылорда облысы 29%

Абай облысын 25%

Солтүстік Қазақстан облысы 3,3%

Десе де отандық киноиндустрия қаржыдан қағылған жоқ. Керісінше, пандемия кезінде қомақты пайда тапты. 2023-те кассалық түсім бойынша Нұрлан Қоянбаев "Қазақша Бизнес Үндістанда" фильмі көш бастап тұр. Бұл кинокартина 1 млрд 281 млн теңге жинады. Екінші орында "Хотя бы в кино 2". Касса - 985 млн теңге. Ал үздік үштікті "Маған назар аудар" фильмі түйіндеді. "Жайдарман" көңілді тапқырлар клубының жұмысы 818 млн пайда әкелді.

Ең көп касса жинаған фильмдер 2023 ж.

  1. Бизнес по-казахски в Индии 1 281 598 850
  2. Хотя бы в кино 2 985 085 100
  3. Маған назар аудар 818 844 800
  4. Жаным сол       389 267 400
  5. Azhyrazam 318 933 390

Мультфильмдер өндірісі азаяды

Әлемдік кино нарығына да тоқталып өтейік. Disney-дің Pixar анимациялық студиясы биыл штатты қысқартпақ. Бұл компания шығаратын мультфильмдердің азаюымен байланысты. Штат саны 1300 адамнан мыңға дейін азаяюы мүмкін. Мұны TechCrunch порталы хабарлады. Бұл Диснейдің шығындарды азайтуға бағытталған соңғы шарасы. Компанияның ABC және басқа телеарналардағы жарнамалық табысының төмендеген. Ал бұл шешім төртінші тоқсанда кірісті 2 миллиард долларға көбейтіп, жоспарлаған 7,5 миллиард долларға жеткізеді делінген мақалада. 2019 жылдан бастап Pixar анимациялық студиясы жеті толықметражды мультфильм шығарды. Олардың ішінен екеуі ғана шығындарын ақтаған.