Қазақстан-Ресей тауар айналымы - ₸12,6 трлн
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12 жарым триллион теңгеден асты.
Былтырғы көрсеткіш осындай. Бұл 2022 жылғы рекордтық межеден де көп. Бұл туралы Премьер-Министрдің Мәскеуге жұмыс сапары барысында белгілі болды. Олжас Бектенов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу барысында арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір екі ел үкіметі экономиканың ең маңызды секторларына қатысты 67 ортақ жобаны әзірлеуде. Тағы 135 жоба іске асырылып жатыр. Оладың жалпы сомасы - 26 жарым миллиард долларға бағаланады. Келіссөзге қатысушылар «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінің әлеуетін арттырып, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жол бөлігін пайдалану жағын да талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшылары мемлекетаралық байланыстарға қатысты барлық сала бойынша ынтымақтастықтың жоғары деңгейін сақтап қалуға келісті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Арадағы экономикалық, гуманитарлық, мәдени салалар бойынша ынтымақтастығымыз өз жемісін беріп отыр. Сондықтан екі ел басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру үшін бәрін жасаймыз. Кездесу барысында бірқатар маңызды келісімдер мен құжаттарға қол қойылды.