Қазақстанның газ өнеркәсібі. Графика
Елде былтыр 59 млрд текше метр шикі газ өндірілген.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, ішкі нарықта тауарлық газды тұтыну көлемі 19 млрд текше метр болды. Ал экспортқа 6 млрд текше метрге жуық өнім шығарылған. Министрлік мамандары биыл бұл бағытта өндіріс қуаты артады деп болжап отыр. Өндірілетін газ мөлшерін 60 млрд текше метрден асыру көзделген. Қазақстандықтар тұтынатын тауарлық газ 21 млрд текше метрге жуықтамақ. Ал экспорт көлемі біршама қысқарғалы тұр.