Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады

Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады

Бұл платформаға қосылу тегін. Бұған дейін ақы төлеу керек болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қағазбастылық та азаяды. Өйткені талап етілетін анықтамалар саны қысқармақ. Бастысы бұл жүйе бәріне бірдей қолжетімді. Тіпті шағын және ұсақ шаруа қожалықтары да қатыса алады. Мәжілістің жалпы отырысында ауыл шаруашылығы министрі депутаттардың сауалына осылай деп жауап қатты. Қазір субсидиялау жүйесін түбегейлі реформалау қолға алынды. Шаруалар мен жауапты сала мамандарының талқысына салынып, түзіліп жатқан құжат жобасы наурыз айының соңына қарай дайын болады – дейді министр.