Елде құс еті жетпейді – ҚР АШМ

Сондықтан сырттан тасимыз. Бұл проблеманы депутаттар бірнеше рет көтерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бүгін Мәжілісте қаралған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөніндегі заң жобасына бұл мәселе енбеген. Мұны депутат Мейрамбек Төлепберген айтты. Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев құс етін өндіруге күш саламыз дейді. Былтыр жылына 70 мың тонна ет өндіретін құс фабрикалары ашылған. Оған 40 миллиард теңге инвестиция салынды. Бірақ одан жағдай оңалған жоқ. Импортқа тәуелдіміз, – деді министр.