Қарақұмық арзандап, құс еті қымбаттауы мүмкін

Қарақұмық арзандап, құс еті қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда қарақұмық жармасы арзандауы мүмкін. Қазір бұл тауарды өндірушер шикізат тапшылығын сезініп отыр.

Алайда Ресейдің қарақұмық жармасы мен күнбағыс майын алыс шетелге жеткізуді тоқтатуынан бұл тауарлар Орта Азия нарығына жіберілуі мүмкін.

Өз кезегінде бұл бағаның төмендеуіне әкелуі ықтимал. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жиналған тауар өндірушілдер хабарлады. Ал отандық жұмыртқа мен құс еті нарығындағы жағдай тіпті күрделі. Өндірушілер бірқатар шетелдік өнім уақытылы жеткізілмегендіктен шығынға батып жатқанын хабарлады.

Атап айтқанда, Түркия инкубациялық жұмыртқа, Аргентина соя тағамдары, Ресей балапандарды жібереді. Мемлекеттен бөлінетін субсидия мен жем-шөптің қымбаттауы да бұл өнімдердің бағасына әсер етеді.