Мұнай тасымалындағы кедергілердің кесірі қандай?

Каспий құбыр консорциумындағы теңіз терминалының жұмысын тоқтатуы елімізді үлкен шығынға батыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана «Теңіз Шевройл» Қазақстан кірісінің 20 процентін қамтып келген. Бұл туралы белгілі банкир Ғалым Құсайынов айтты. Ол мемлекеттің тәуекелдерді ескермей келгенін сынға алды.

КҚК-ның бас директоры Николай Гарбань Новороссийсктегі қатты дауыл салдары жылдық нәтижеге кері әсер ететінін мойындап отыр.

Айтуынша, былтыр 585 танкер босатылған. Олардың басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілген. Жағдай реттелмесе, бұл көрсеткіш азайып кетері анық.