Қазақ мұнайы қай елдерге экспортталып келген?

Істен шыққан желі Ресей аумағында екенін еске салайық. Бүлінген құбырларды қашан қалпына келтіретіні әзірге белгісіз.

Бұған тіпті 2-3 ай уақыт кетуі әбден мүмкін деген ақпарат бар. Ал бір күннің өзі біздің мемлекетке айтарлықтай шығын екенін ұмытпайық. Қазір мына кестеге назар аударсаңыздар. Қазақстанның қара алтын негізгі тұтынатын ел – Италия. Біздегі мұнайдың 27,3 проценті кәрі құрлықтағы осы елге жіберіледі. Сосын Нидерланд. Алғашқы бестікте Франция, Қытай және Түркияның барын көріп отырмыз. Сондай-ақ бұл тізімнан Испания, Оңтүсік Корея, Румыния, Үндістан және Грекия сынды мемлекеттерді байқадық. Аталған елдердің дені Еуропада орналасқан. Яғни дәл осы істен шыққан құбыр арқылы жөнелтіліп отырған. Бір ғана ақаудан қаншама тұтынушыдан бір мезетте айырылып отырмыз. Бұл сұмдық енді. Бұрын-соңды біздің елде дәл осы салада мұндай келеңсіздік болып көрмеген шығар.  

(ГРАФИКА - Қазақ мұнайы экспорт)