Отандық бизнесті қалай оңалтамыз? Сұхбат

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті қорғау және қолдау департаменті директорының орынбасары Рашид Жорабеков сауалдарға жауап берді.

Ресейге тәуелді болып отырмыз деген тақырып қозғалды. Соны әрі қарай өрбітсек. Біз мұнайдың негізгі бөлігін осы елдің территориясы арқылы экспорттайтынымыз белгілі болды. Мойындауымыз керек, біз күнделікті тұтынып жүрген кейбір тауар түрлерін де осы ел арқылы алдырамыз. Қазір Ресейге санкциялар салынып жатқанын ескерсек, мұның бізге де кері әсері болатынын анық.

Азық-түлікті айтқанда әуелі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ойға оралады. 2018 жылы жүзеге аса бастады. Бюджеттен 600 млрд теңге бөлінген. Осы жоба жүзеге асқалы Қазақстан қандай тауар түрлерін шығара бастады?

Киім-кешек, азық-түлік түлік өнімдері деп жатырмыз. Бірақ кейін осы бағдарлама бойынша қонақ үйлердің де салынғанын біліп жатырмыз. CRC зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі Қуаныш Жайық әріптестеріне сұхбат берген екен. Сол кісі былай дейді: «Бастапқыда онда қызмет көрсетуге, жоғары және орта технологиялық өңдеуге, ауыл шаруашылығы шикізатына негізделген салалар қамтылды. Кейін салалардың тізімі 2–3 есе өсіп, жоба тізімінде Rixos Turkestan және өзге де 30 шақты отель пайда болды».