476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германия Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар инвестиция құйды

  • 156
  • UPD: 15:33, 12.05.2022
Германия Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар инвестиция құйды

Инвестиция Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері салынған, деп хабарлайды «Хабар 24». ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

«Пандемиядан туындаған шектеулер жағдайында біз екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту тенденциясын сақтап қана қоймай, сонымен бірге онлайн форматты барынша пайдалана отырып, нақты жобалар мен ұсыныстарды ілгерілете алдық. Бүгінде Германия Қазақстанның маңызды серіктесі болып отыр. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісім жұмыс істейді», – деді Роман Скляр елордада өтіп жатқан Қазақстан-герман бизнес форумында. Оның атап өтуінше, екі елдің ынтымақтастығы қазіргі уақытта да сәтті дамып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 және 2020 жылдардағы Германияға сапарынан кейін өзара қарым-қатынас қарқын ала түсті. «Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылау үшін германиялық компаниялармен ай сайын, оның ішінде онлайн форматта да кездесулер өткізіледі. Инвестиция тұрғысынан алып қарасақ, 2005 жылдан бері біздің экономикамызға Германиядан шамамен 5,5 млрд доллар тікелей инвестиция құйылды. Оның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне салынды», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы