Баспана құрылысына ₸ 12 трлн-нан астам инвестиция тартылған
Өнәркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда елде баспана құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған.
Ол қаражатқа 78 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал 2030 жылға қарай барлық қаржыландыру көзі есебінен 111 млн шаршы метр пәтерлер салу жоспарланып отыр. Сонда тағы 1 млн-нан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек. Үкіметтің қосымша қабылдаған шаралары негізінде биылдың өзінде салынатын тұрғын үй көлемі 15-тен 18 млн шаршы метрге ұлғайтылды.