Инфляция 14,5%-ке жетті

Инфляция 14,5%-ке жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қазір Үкіметің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент ең алдымен еліміздегі тұрақтылықпен ілгерлеу жайттарына тоқталды. Ол өз сөзінде:  Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті.