Сарапшы: Ішкі өндірісті дамыту қажет

Әлем экономикасындағы стагнация мен көрші елдердегі ахуал Үкіметке жүктелген міндеттерді мінсіз орындауға кедергі келтіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыртқы факторларға байланбас үшін біз қазір ішкі өндірісті дамытуға барынша басымдық беруіміз керек. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың пікірі осыған саяды.

Еркін Тұқымов, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

– Әлбетте, әлемде экономикасы сыртқы факторларға байланбаған мемлекет жоқ. Әсіресе Қазақстанның экспорты шикізатқа бағытталған. Сәйкесінше жаһан экономикасының даму динамикасы баяуласа, бұл мұнайдың, түсті металдың, тағы басқасының бағасына әсер етері сөзсіз. Сол үшін ішкі өндірісті дамыту қажет. Осылай ғана біз инфляцияға төтеп бере аламыз.