Еуропа одағы көлік-логистикалық байланысты жетілдіруге мүдделі

Еуропа одағы көлік-логистикалық байланысты жетілдіруге мүдделі

Мемлекет басшысы Еуропа одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев көпжақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін нақтылап, екіжақты стратегиялық ынтымақтастыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Тери Хакала Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.