Аммофос тыңайтқышының бағасы бекітілді

Аммофос тыңайтқышының бағасы бекітілді

Елде егіс алқабына қажетті тыңайтқыштың тек 14-15 проценті ғана себіледі. Осының кесірінен өнімді де өз дәрежесінде ала алмай отырмыз.

Тыңайтқышты мол себуге бірнеше кедергі бар. Біріншіден, минералды өнімнің тапшылығы және бағасының қымбат болуы. Оған әркімнің қолы жете бермейді. Енді осы мәселені шешу үшін жауапты ведомство тыңайтқыш өндіретін отандық кәсіпорынмен ортақ байламға келді. Компания мәліметіне қарағанда аммофос енді шаруаларға 173 теңгеден сатылады. Бұл шетелге сатылатын бағадан 80 процентке төмен. Сондай-ақ өнім барлық өңірдің шаруаларына қолжетімді болуы үшін елдің 10 аймағында қойма салынады.