Сауд Арабиясы ірі жобаларға қаржы құяды – сарапшы

Сауд Арабиясының инвесторлары Қазақстанның ауыл шаруашылығы, мұнай, және тұтынушылық тауарлар саласына қызығушылық танытуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономист Алмас Чукин осындай пікірде. Оның айтуынша, королдіктің тақ мұрагері Мұхаммед Бен Салман басқаратын ұлттық қор тек ірі жобаларға ғана қаржы құяды. Бүгінде бұл қор әлемдегі ең ірі инфестициялық орталықтың бірі. Оның жалпы капиталы 600 млрд доллардан асады.

Сарапшының айтуынша, дүние жүзіндегі энергетикалық дағдарысқа байланысты ресми Эр-Рияд Нұр-Сұлтанды қара алтын нарығындағы ең ірі ойыншылардың бірі деп санайды.